Жылдық есептер
Әлеуметтік педагогтың
2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысының анықтамасы
2022-2023 оқу жылы дәстүр бойынша «Мектепке жол» акциясымен басталды.
Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы — 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.
Бұл қайырымдылық акциясынан гимназиямыздың оқушылары қалыс қалмады. Атап айтар болсақ, «жалпыға бірдей оқу қорынан» көп балалы, аз қамтылған, қамқорлыққа алынған 7 оқушыға мектеп формасын алу үшін 43 000 (қырық үш мың) теңге көлемінде ақша аударылды. Сонымен қатар, 1 оқушыға Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімшілік тарапынан мектеп формасы, 2 оқушыға демеушіден оқу құралдары мен сөмке берілді.
Әлеуметтік педагогтың
2023-2024 оқу жылындағы атқарған жұмысының анықтамасы
Мектепке жол акциясы
2023-2024 оқу жылы. Президентіміз Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес «Мектепке жол» акциясы жалпы оқу жылы көлемінде ұйымдастырылады. Тамыз айында өтілген «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының мектепке дайындығын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Акция 2023 жылдың 1 тамызынан басталып, 2023 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталды. Акцияның ұраны: ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлықпен назар аудара алады.
2023-2024 оқу жылына жергілікті бюджеттің “Міндетті білім қорынан” мектепке дайындық мақсатында мектеп формасы мен кеңсе заттарына арналған «Мектепке жол» акциясы аясында 7 оқушыға 41.000 теңге көлемінде қаржы аударылды.
Жалпы қаражат 301 000 теңге. Оның ішінде:
Аз қамтылған – 7 оқушы;
Әлеуметтік педагогтың 2024-2025 оқу жылындағы атқарған жұмысының анықтамасы
Әлеуметтік аз қамтылған отбасы оқушыларының тегін ыстық тамаққа өтініштерін қабылдау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз ұалған балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы) Қаулысына сәйкес әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан оқушылардың тегін тамаққа өтініштері қабылданып, тізімделді. Өтініштерге сәйкес 12 оқушының құжаттары қабылданды.
2024 жылдың 02 қыркүйегінен бастап, тізімдегі оқушыларға тегін тамақты ұйымдастыру бойынша күніне бір мезгіл ыстық тамақты беруге гимназия директорының бұйрығы шығарылып, тамақтану бойынша күнделікті қадағалау жұмыстары жүргізілді.
2022-2023 оқу жылына жасаған есебі : https://drive.google.com/file/d/12_YiZAgFwXCLhVWCDw-L2ecMhy2pzHCd/view?usp=drive_link
2023-2024 оқу жылына жасаған есебі : https://drive.google.com/file/d/10u6-ePLleXv35pOMdvPMX2IU6sDtWZK2/view?usp=drive_link
2024-2025 оқу жылына жасаған есебі : https://drive.google.com/file/d/16Q5EuHRi3rFgI7E3k1cZbMiTbdoSVCFJ/view?usp=drive_link