Алматы қаласы
білім басқармасының
"№199 мамандандырылған гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Cенім телефоны:
+7(727) 376-55-15
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтердің бос лауазымдары бойынша конкурсын жариялау
22
август
2022

Педагогтердің бос лауазымдары бойынша конкурсын жариялау

Алматы қаласы Білім басқармасы «Мамандандырылған-гимназия №199» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегідей бос лауазымдар бойынша конкурс жариялайды: 

  • директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары(екі тілді) -  бір лауазым бос орнына;
  • 5-9-сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі -  бір лауазым бос орнына;
  • ағылшын тілі пәнінің мұғалімі(орыс сыныбына)- бір лауазым бос орнына;
  • информатика пәнінің мұғалімі және инженерлікке(орыс сыныбына)- бір лауазым бос орнына;
  • көркем еңбек пәнінің мұғалімі(орыс сыныбына)- бір лауазым бос орнына;
  • Биология пәнінің мұғалімі(орыс сыныбына)- бір лауазым бос орнына ;
  • Химия пәнінің мұғалімі(орыс және қазақ сыныбына)- бір лауазым бос орнына ;

Конкурс жарияланған лауазым атауы: «Мамандандырылған-гимназия №199» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Конкурсты өткізу орны: Әбіш Кекілбайұлы көшесі, 89  Бостандық ауданы, Алматы, 050060 
Байланыс телефоны:  +7 (727)376 25 15
Электрондық мекенжай:gimnaziya.199_
Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Алматы қаласы Білім басқармасы «Мамандандырылған-гимназия №199» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім "Enbek.kz" сайтында, инстаграмм әлеуметтік желісінде, Алматы қаласы Білім басқармасы «Мамандандырылған-гимназия №199» коммуналдық мемлекеттік мекемеснің ресми сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 10 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
-жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі болуы;
-педагогтік қызметін жүзеге асыру кезінде қосымша біліктілік санаты: «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілігінің болуы.
-компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.
Өтініш беру парағы:  сілтеме
Бағалау парағы:  сілтеме

Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелерін жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырады және мөрмен расталады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.