Асхана мониторинг құжаттары
Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:
- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.
2022-2023 оқу жылында әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 10 оқушы жалпыға міндетті оқу қорынан тегін тамақтанды.
Асхана жұмысын тексеру
Әр апта сайын асхана жұмысына толық тексеру жұмыстары жүргізіліп отырды. Арнайы бекітілген бракеражды комиссия мүшелері асхана тазалығын, асхана кезекшілігін, асхана қызметкерлерінің денсаулық жағдайын, өнімдердің жарамдылық мерзімін, асханада беріліп отырған ыстық тамақтың мәзірге сейкестілігін бақылауда ұстап отырды.
Ыстық тамақты ұйымдастыру
2023-2024 оқу жылының I-жарты оқу жылында мектебімізде жалпы 540 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде 5-9 сынып аралығындағы 11 оқушы 64 қаулы бойынша ыстық тамақпен қамтылды. ІІ-жартыжылдықта 11 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Тегін ыстық тамаққа өтінім берген ата-аналардың құжаттары толығымен жиналған.
№64 қаулыға сәйкес тегін ыстық тамақ ішуге құқығы бар отбасының балалары тегін тамақтанды.
Тамақтану сапасы бойынша сауалнама
2023 жылдың қараша айында №199 МГ тамақтандыру сапасын анықтау мақсатында мектеп оқушыларынан анонимді сауалнама алынды. Сауалнамаға барлығы 200 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижелері бойынша келесідей ақпарат алдық. Және де гимназия оқушылары келесідей сұрақтар реті қойылған бланка толтырылды.
1.Оқу ордаңыздың асханасындағы тамақ сапасына көңіліңіз тола ма деген сұраққа 80%-ы қанағаттанатынын айтса, 20%-ы жалпы қанағаттанарлық, кейбір көңіл толмайтын тұстары барын айтқан.
2. Асханадағы тамақтану мәзірі көңіліңізден шыға ма деген сұраққа 90%-ы жалпы қанағаттанарлық десе, 10%-ы жалпы қанағаттанарлық, кейбір көңіл толмайтын тұстары барын айтқан.
3. Балаларды тамақтандыру ұйымының қызметтері туралы ақпараттарды 50%-ы мәзірмен бірге ұсынылғанын, 40%-ы сайтта көрсетілгенін, 10 %-ы ешқандай ақпарат жоқ (көрмедім) екенін толтырған.
4. Мектептегі тамақтану белгіленген талаптарға сай ма деген сұраққа 85%-ы талапқа сай, 15 %-ы кей жағдайда талапқа сай келетінін айтқан.
5. Асхананың санитарлық жағдайы көңіліңізден шыға ма деген сұраққа 90%-ы иә десе, 10 %-ы кей уақытта екенін айтқан.
6. Тамақты дайындаудың сапасы көңіліңізден шыға ма деген сұраққа 95%-ы иә десе, 5 %-ы кей уақытта екенін айтқан.
7. Мектеп асханасынағы тамақ сапасын бағалаңыз деген сұраққа 70 %-ы өте жақсы деп жауап берген.
8. Мектеп асханасында Сізге не ұнамайды деген сұраққа оқушылар ұнайтынын айтып, алайда кей жағдайда біркелкі, күнделікті қайталанатын тамақтанатынын, және уақыт аз, тамақтанып үлгермеймін айтып кеткен.
9. Мектеп ұсынып отырған тамақтандыру ұйымында Сізге ұнамайтын өнімдер бар ма деген сұраққа оқушылар жоқ деп жауап берген.
10. Мектеп аханасының қызмет көрсету мен тамақ сапасына ұсыныстарыңыз бен ескерулеріңіз деген ұсыныс орнына ешқандай оқушы ұсыныс пен ескерту айтпаған.
Алынған нәтижелерді талдай келе, оқушылардың асхана жұмысына қанағаттанатынына көз жеткізуімізге болады.
Асхана мониторинг құжаттары 2022-2023: https://drive.google.com/file/d/1M4NaNvofhTNkmZnmpLKSrUJjAVvZLCb2/view?usp=drive_link
Асхана мониторинг құжаттары 2023-2024: https://drive.google.com/file/d/1l5W9_JNOrZOujFnoLIpRhX_hXeph3eCg/view?usp=drive_link
Асхана мониторинг құжаттары 2024-2025: https://drive.google.com/file/d/1Zw1-S5AKCFHMf3wdWwFyi6KIj615--OC/view?usp=drive_link